ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

14:37, 12 қараша 2018

Өткен сенбі күні Петропавлдағы оқушылар сарайының есігі қала тұрғындарына айқара ашылды. 3,6 млрд теңгеге салынған әлеуметтік нысан солтүстікқазақстандықтардың  қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы дәл осы сарайда өткен болатын. Қаламызда бой көтерген жаңа ғимаратты тамашалаған Петропавлдықтардың әсері жайында келесі бейнематериалымызда.

Оқушылар сарайы заманауи жабдықталған. ІТ құрылғыларына 1,9 млрд теңге жұмсалыпты. Қондырғылар Германия, Италия, АҚШ,  Қытай және Ресей елдерінен жеткізілген.  Қала тұрғындары Lego mindstorms кабинеті, заманауи биотехникалар зертханасы, биология химия және физика кабинеттерін аралап көрді. Келушілердің қызығушылығын тудырғандардың бірі заманауи биотехникалар зертханасы, мұнда 100-ге жуық тиляпия балығы мен жауын құрты арқылы өсімдіктерді қоректендіруге арналған минералдар пайда болып шығады. Бұл Голландия елінің тәжірибесінен алынған технология.  

АЛЕКСАНДР БОГОМОЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Алдағы уақытта бұл үйірмеге жазылғым келеді. Күнделкті біз көріп жүрген өсімдіктерді суаруда жаңа технологияларды қолданады екен. Бұл өте қызықты деп есептеймін.

Оқушылар сарайында екі ел президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин қатысқан алқалы жиын өтті. Петропавлдықтар құрметті қонақтарды қабылдаған үлкен нысанның болашақта да ел иглігі үшін қызмет ететінне кәміл сенеімді.  

- Бүгінгі оқушылар сарайы тамаша деп айтсам да болады. Айти, биотехнологиялар, физика кабинеттері біздің болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игі істердің бірі.

- Біздің сүйікті қаламызда екі мемлекеттің форумы өтті. Форумға қарсы оқушылар сарайда, теннис орталығында үлкен көрме ашылды. Балаларыммен, немерелеріммен көріп, қызықтап жүрміз.

- Жанұямызбен осы оқушылар сарайы ашылды деп, кеше үлкен форум өтті деп, соны тамашалауға келіп тұрмыз. Президент отырған үлкен залды көрдік. Оқушыларға көп мүмкіндіктер жасалаып жатыр, елбасымызға рахмет.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде де өткен шараға оң бағаларын беруде.

- Бұл - біздің қаламыз үшін тамаша оқиға!

- Тарихи маңызы бар оқиға өткен жерді аралауға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын!

- Суреттерді көргенде бұл біздің қаламыз екеніне сенбедім. Бірақ, шынында да бізде екен. Заманауи жоғары технологиялар, жайлы және жылы кабинеттер. Ұйымдастырушылар, жарайсыңдар!

- 2018 жылдың 9 қарашасы есімізде көпке дейін сақталады. Ал менің мәңгі есімде болмақ.  

Жалпы оқушылар сарайы 5 бөлікке бөлінген. 1 қабатта оқушы вакумды кинотеатр мен террариум ойын-сауық кабинеттерінде бой жаза алады. 2 қабатта орналасатын коворкинг орталығында, жастар өзінің стартап идеяларын жүзеге асыраса, ғимараттағы басқа бөліктерінде ІТ орталықтар, химия, биология, физика кабинеттері орналасқан. Нысан жақында  ресми түрде ашылмақ.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...