ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

ОМБЫ ТЕАТРЫ ҚЫЗЫЛЖАР КӨРЕРМЕНДЕРІН ТАҢ ҚАЛДЫРУДА

18:10, 9 қараша 2018

Қазақстан мен Ресейдің 15-өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Петропавлда Омбы мемлекеттік академиялық драма театры өнер көрсетті. Қызылжарлық көрерменге Александр Островскийдің атақты комедияларының бірі - "Правда хорошо, а счастье лучше " атты қойылымын ұсынды. Спектакль аншлагпен өтті.

«Правда хорошо, а счастье лучше» және оқырманға тағы «Наливные яблоки» атымен белгілі туынды 1876 жылы жазылған болатын. Александр Островскийдің бұл комедиясы бірнеше рет экранға да жол тартты. Ал шығарма негізінде сахналанған театрлық қойылымды көрермендер әлі күнге үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Міне, бүгін де облыс тұрғындары мен қала қонақтары Омбы мемлекеттік академиялық драма театрын үлкен қошеметпен қарсы алды.

ЕЛЕНА ПОКРАС, Н.ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ :

- Бүгін бізге қонаққа көршілеріміз келді. Ресейдің ең үздік театрларының бірі. Қойылым көруге келген көрермендерден зал лық толы. Ерекше әсер аламыз деген үміттеміз.

Омбы академиялық театры ТМД аумағында танымал. Шығармашылық ұжым бірнеше рет жоғары марапатқа ие болған. Алты рет «алтын маска» алған. Бүгінгі қойылым да 2018 жылдың  марапатынан үміткер.

ВИКТОР ЛОПУХИН,  ОМБЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚАЗССР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бүгін біз сіздерге театрымыздағы үздік қойылымның бірін алып келдік. Мәскеуде аталмыш қойылыммен көптеген жетістіктерге жеттік. Қазір мұнда үш халық әртісі мен тамаша жастар жұмыс істеп жатыр. Көрермендер бұл керемет және үйлесімді ұжым екенін түсінетін болады.

Комедиядағы басты  кейіпкерлер - кедей, бірақ шын мәнінде өмір сүре білетін жас жігіт пен  оның қарапайым анасы, ғашық болған көпес бойжеткен мен  қу бала күтушісі, айлакер әкесі мен  қатал әжесі және қызметтен кеткен  офицер. Актерлер кейіпкерлерді жоғары деңгейде сомдап шыға білді. Қызықты болғаны соншалықты көрермендердің назарын бірінші секундттардан-ақ өздеріне баурап алды.

Сонымен қатар, солтүстікқазақстандықтар мен облыс қонақтары  бүгін және ертең Н. Погодин атындағы орыс драма театры актерларының «Тетки в законе» және «Ночь перед Рождеством» қойылымдарын көре алады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
13:06, 19 сәуір 2021
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
20:50, 21 сәуір 2021
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Толығырақ...