ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ТУРИСТІК ӘУЛИЕТІ ЗОР ЕЛДЕР

20:55, 8 қараша 2018

Экстремалды туризм, пассивті туризм, медициналық және археологиялық туризм. Қазақстан мен Ресейдің әр өңірі ерекше. Әр аймақ бірегейлігін қолдана отырып, өзіне ғана тән бағыт бойынша туризмды дамытып келеді. Форум барысында екі елдің өкілдері жиналғандарды  өз өлкелерімен таныстырып, туристік мүмкіндіктері жайында айтып берді. Кейін шара қатысушылары өзара ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қойды.      

Алғашқы болып өз өңірін Краснодар өлкесінің мамандары таныстырды. Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен шипажайлары бүгінде ресейліктер арасында ғана емес шетелдіктердің де сұранысына ие.  

ХРИСТОФОР КОНСТАНТИНИДИ, РФ КРАСНОДАР ӨЛКЕСІНІҢ  ТУРИЗМ МЕН ОЛИМПИАДАЛЫҚ МҰРА  МИНИСТРЛІГІНІҢ МИНИСТРІ:

- Қазақстан Краснодар өлкесіне қызығушылық танытып отыр. Біз жазғы және қысқы демалысты ұсынамыз. Өткен жылы 16 млн турист біздің шипажайларда демалып қайтты. 2018 жылдың 9 айы ішінде Қазақстанның 1 млн 300 мың тұрғынын қарсы алдық,

Түмен облысы Солтүстік Қазақстанның шекаралар өңірлерінің бірі. Ресейдің мұнай өңдеуші, ең бай өлкесі туристерге ыстық бұлақ көздерімен, жан-жануарлардың түр түрі мекендейтін қылқан жапырақты ну ормандарымен, таза ауасымен таныс.

Тараз – 2000 жылдық тарихы бар Қазастанның ең көне қаласы.  Қазақ хандығының туған жерінде Ұлы Жібек жолы өтіп, сауда саттық дамыған. Бүгін Жамбыл облысы өз демалушыларға  негізінен археологиялық туризмді ұсынады.

ҚАРЛЫҒАШ АРАЛБЕКОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ  ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ресейдің Алтай Республикасы аграрлы шаруашылық пен қонақжайлылықты қатар алып келеді. Келетін туристердің  саны тұрғылықты адамдардан он есе көп.  Бұл жергілікті әсем әрі, щипалық қасиеті бар табиғаттың арқасы дейді олар. Осылайша Форумға жиналған делегаттар өз өңірлерінің ерекшеліктерін айтып, әр қайсысында туристік әлеуеттің зор екендігін дәлелдеуге тырысты.

ТАТЬЯНА ГЕЕР, РФ ОМБЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТУРИЗМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Форум ең бастысы тараптардың қарым қатынасын дамытуға ықпал етеді. Туризм саласы негізінен кәсіпкерлердің қолында. Бүгінгі шарада екі елдің кәсіпкерлері бір бірімен танысып,  ортақ мәселелерді шешуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. 

Кейін ХV өңіраралық ынтымақтастық Форумның қатысушылары ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойды.

Солтүстік Қазақстан облысының туристік қауымдастығы мен Түмен облысының қоғамдық бірлестігімен  ынтымақтастық орнатты.

ЕСЕНҒАЛИ ЫБЫРАЕВ, РФ ТҮМЕН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бұл құжат аясында туризмді одан әрі дамытуды қолға алмақпыз. Екі елдің осы орайда мүмкіндігі зор. Ең бастысы жарнама мен насихат керек. Өз жеріміздің тұрғындарына Шалқар мен Имантау туралы айтатын болсақ, Әріптестеріміз Түмендік шипажайларды насихаттайды.

15-ші өңір аралық ынтымақтастық Форумның алғашқы күннің қатысушылар, шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, осындай кездесулер көрші мемлекеттердің экономикасы мен тұрғындардың әл ауқатын, туристік мүмкіндігін дамытуда оң әсер беретініне сенім білдіріп жатты.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...