ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

13:11, 11 мамыр 2020

Жыл санап ҰОС ардагерлерінің қатары азайып барады. Ел басына күн туғанда ел мен жерді жаудан қорғаған батырларға соңғы жылдары мемлекеттен үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Биыл олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден көмекақы берілді. Түрлі мемлекеттік мекемелер Жеңістің 75 жылдығына орай майдангерлердің үйлеріне барып, сый-сыйапаттарын үлестірді. Бұл игі дәстүрден «Облыстық кәсіподақтар орталығы да» шет қалмады. Олар Петропавл қаласында тұратын 95 жастағы Қожатай Некібаевтың  шаңырағына барып,  сыйлық табыс етті.

1943 жыл. Енді ғана мектеп тәмамдаған 17 жастағы бозбала  әскер қатарына алынды. Сол жылы сұрапыл соғыстың өршіген кезі болатын. Ауылдан тыс ешқайда шығып көрмеген Қожатай Некібаев қатарластарымен Бурятияға аттанды. Сол жерде бір жыл әскери шеберлігін шыңдап, 1944 жылы Житомер мен Ровно үшін болған шайқастарға қатысты.

ҚОЖАТАЙ НЕКІБАЕВ, СОҒЫС  АРДАГЕРІ:

1944 жылдың қаңтарында бізді эшолонмен батысқа жөнелтті. Жүріеп келіп Ураинадан бір-ақ түстік. Сол жерде біздің әскер 43-ші наступлениеге шығып, Беларусь пен Украинаға әкеліп тіреген екен. Ресейді жаудан түгел тазартқан екен

Украина шайқасына қатысқан Қожатай Сейтахметұлы 48-ші кавалериялық полкінің құрамында соғысты.

ҚОЖАТАЙ НЕКІБАЕВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Румынияны оңтүстік жақтан басқа воскалар тазартқан екен. Енді сендер Румынияға өтесіңдер, сосын барып Венгрияға барасыңдар деді. Румынияның Пруд өзененін кешіп елге кірсек, тұрғындар көшеге шығып бізді көріп қуанып, «Гитлер капут» деп әлгілер.

Ардагердің Ұлы жеңіске қосқан үлесі орасан. Жерлесіміздің соңғы шайқасы Словакияны азат етумен аяқталды. Соғыстан оралған соң зейнет жасына дейін Жамбыл ауданына қарасты Орталық ауылында мұғалім болды. Бүгінде 95 еңсеріп, 25 немере мен 28 шөбере сүйіп отыр. Жеңістің 75 жылдығына орай қарияны «Облыстық кәсіподақтар орталығының» төрағасы Ерік Нұрақайып құттықтап, жуырда тағайындалған Қазақстан кәсіподақтар федарациясы төрағасының атынан сыйлық табыс етті.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, «ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ТӨРАҒАСЫ:

- Мұндай көңіл білдіру бұл жалғыз ғана мысал емес. Жалпы ондай көп жұмыстар атқарылады. Кеше Қазақстан кәсіподақтар федерациясына жаңа кісі сайланып, сол кісі таңертең сәлем айтты ослай ҰОС ардагеріне сәлемдеме айтыңыз деп. Міне соны орындадық

Ардегердің жұбайы Айша Некібаева да жеңіске өзіндік үлесін қосқан жан. Тылда еңбек етті. Он баланы дүниеге әкеліп «батыр ана» атанды. Өмірлік жолдасымен 70 жыл отасқан Қожатай Сейтахметұлы, бүгінде бірге өткізген қызық сәттерін ерекше сезіммен еске алады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...