ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

21:27, 8 мамыр 2019

Петропавлда ҰОС қатысып, елге оралған соң сот жүйесінде қызмет еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді. 17 жеңіс жауынгері кезінде облыстық сотта судья қызметін атқарыпты. 74 жылдық мерейлі мереке карсаңында сала қызметкерлері ардагерлердің туыстарына құрмет көрсетіп, сонымен қатар үздік мамандарды марапаттады. Мекеме жанында орналасқан ҰОС қатысқан судьялар мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойып, өздері дайындаған арнайы майдангер-судьяларды еске алу бейнефильмін келушілер назарына ұсынды. Толығырақ арна тілшілері тарқатсын.

Облыстық сот ұжымы ҰОС-на қатысып, кейін сот саласында еңбек еткен майдангерлерге құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Сол уақытта әділ шешім қабылдап, судья қызметін атқарған 17  ардагерді үнсіздікпен бір минут еске алып, арнайы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.

СЕРІКЖАН ҒАБДУЛИН, СҚО ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

- Осындай атаулы дата қарсаңында облыстық сот ұжымы ардагерлерге құрмет көрсетіп жатыр. Ел үшін адал еңбек етіп, бізге тыныш өмір сыйлаған майдангерлерімізге тағзым ету біздің борышымыз. Бүгін біз сонымен қатар үздік қызметкерлерімізді марапаттап, арнайы театрлық қойылымда көрермен назарына ұсынатын боламыз.

Батыр майдангердің бірі Қалымжан Хабдулин. Ақмола облысының тумасы.  1943 жылы командирлық курсты тәмәмдап,  майданға аттаныпты. Соғыстан аман оралған соң 1947 жылы судьялық курсқа барып,  1948 жылдан бастап сот саласында еңбек етті. Бүгінгі іс-шараға да  Қалымжан Сәдуақасұлының немересі келіп, облыстық сот қызметкерлеріне алғысын білдірді.

СӘКЕН ӘМРИН, ҰОС АРДАГЕРІНІҢ НЕМЕРЕСІ:

- Соғыс жылдары қарулас болған достарын маған атам ешқашан да айтпайтын. Өйткені ол кісіге сол уақыттағы қан майданды еске алу өте қиын болды. Сол сұрапыл уақытты ешқайсысымыз ұмытпауымыз керек. Бүгін міне облыстық сот ұжымы менің атамды, және басқа да ардагерлердің рухына тағзым етіп жатыр. Бұл тәрбиелік маңызы зор іс-шара.

Бұл күні облыстық сот қызметкерлерінің де еңбегі еленді. Жеңіс күні қарсаңында 5 қызметкер «Үш би» құрмет белгісімен марапатталса, 6-ауына Құрмет грамотасы, тағы 5 қызметкерге елеулі еңбегі үшін Алғыс хат табысталды.  

КӘМИЛА ДҮЙСЕНОВА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТТЫҢ КЕҢСЕ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Мереке қарсаңында еңбегім еленгеніне өте қуаныштымын. Маған міне ҚР судьялар одағының алғыс хаты табысталды Үлкен рахмет. Және барлық жерлестерімді мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Ресми бөлімнен соң келушілер назарына концерттік бағдарламалар мен театрлық көріністер, және арнайы дайындалған майдангер-судьяларды еске алу фильмі көрсетілді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...