ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

17:18, 6 мамыр 2021

Ұлы Жеңіс күніне орай «Қызылжар су» ЖШС-нің ардагерлер кеңесі тыл еңбеккерлеріне және кәсіпорынның еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті. Жылда дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын мерекелік шара барысында қариялар  мекеме маңындағы Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Даңқ аллеясына шыршалар отырғызды. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Қызылжар су» ЖШС-де 300 -ден астам ардагер бар. Бәрі де құрметке лайық. Бүгінгі мерекелік шараға олардың тек 12-сі ғана келген. Қазыналы қарияларға  құрмет көрсету рәсімі мекемеде жылда дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Биыл да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері назардан тыс қалмады. Мереке қарсаңында олар соғыс ардагерлеріне арналған монументке гүл шоқтарын қойды. Кейін осыдан 4 жыл бұрын мекеме маңында ашылған Даңқ саябағында серіктестіктің бас директоры Жеңіс Сұлтанов ардагерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Салтанатты шара ағаш отырғызу рәсімімен жалғасты.

АЛЬБИНА АВЕРИНА, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Жылдағы дәстүр бойынша бүгін біз Ұлы Жеңістің 76 жылдығын атап өтудеміз. Өкінішке  орай қазіргі таңда  қатарымызда Ұлы Отан соғысы ардагерлері жоқ. Бірақ сол қиын қыстау кезде бұғаналары қатпаған өрімдей балалар аналарымен бірге еңбекке ерте араласты. Сол жандарға біз жылда құрмет көрсетеміз. Бүгін міне ардагерлеріміз Даңқ аллеясына  шырша көшеттерін отырғызып маңына өз аты-жөндері жазылған  тақтайшалар орнатты. Бұған дейін аллеямызда 48 шырша болатын, ал бүгін олардың қатары тағы 12 көшетпен толығады».

Тамара Кравченко «Қызылжар су» ЖШС-де экономист болып қызмет атқарған. Зейнет демалысына шыққанына 16 жыл. Бүгінгі мерекелік  шараның құрметті қонағы. Кейуана Жеңіс күнінің ол үшін орны ерекше екендігін атап өтті. Өйткені қан майданда оның әкесі әйгілі 314 атқыштар дивизиясы құраында соғысқан.

ТАМАРА КРАВЧЕНКО, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- «Өзім зейнет демалысына дейін еңбек еткен мекемеде жылда ардагерлерге құрмет көрсетіліп отырады. Бұл мені өте қуантады. Өйткені мен соғыс ардагерінің қызымын. Менің әкем  Василий Русанов 1941 жылдың шілде айында соғысқа аттанып 1945 жылдың қыркүйегінде оралған. Аты аңызға айналған 314 атқыштар дивизиясының сапында барлаушы-бақылаушы болған. Бірқатар наградалары бар. Әкем соғысқа аттанғанда жасы 32 болған. Екі ұлы қалған. Мен соғыстан кейін дүниеге келдім. Мен әкемді мақтан тұтамын.»

Мерекелік шара серіктестік ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...