ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ

20:12, 9 мамыр 2019

Юрий Гагарин атындағы Петропавлдағы 14-ші мектепте Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай мерекелік шара өтті. Бұл күні ардагерлер, Тыл еңбеккерлері, педагогикалық еңбектің ардагерлері жас ұрпақтан бейбіт күн үшін алғыстарын естіп, білім ордасының ауласында жайылған дастарханнан дәм татты.

Мектеп ауласында бейбіт күннің суреттерін түрлі-түсті бояулармен бояп жүрген балалар Ұлы Отан соғысында ашық аспан үшін фашистермен шайқасқан ата-әжелереміздің ерлігін жақсы біледі. Юрий Гагарин атындағы қалалық № 14-ші мектептің тәрбиеленушілері әр жылдың 9 мамырында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік концерт ұйымдастырып, осылайша өз алғыстарын білдіреді.

АНТОНИНА САЧКОВА, Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ № 14-ШІ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- 9 мамыр – Жеңіс күнінде біздің мектеп салтанатты шара өткізуді игі дәстүрге айналдырды. Себебі, өскелең ұрпақ өз аталарының ерлігі жайлы білуі және ұмытпауы тиіс. Қаламызда және облысымызда тұрып жатқан біздің бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан құрметті ардагерлерімізге алғыс айтамыз. Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.

Оқушылар Ойқалада тұрып жатқан ардагерлердің үйіне барып, әрқашан көмектесіп тұрады. Олар батырлардың аулаларын сыпырып, отын жарып не болмаса үйлерің жинастыруға үнемі әзір. 9 мамыр мерекесіне орай қыздар мен ұлдар әр майдангердің қара шаңырағына барып, өздерінің жылы тілектерің білдірді.

ЗИНАИДА РАСТИХИНА, МЕКТЕПТІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Жыл сайын Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлерді барлық мерекелік іс-шараларға шақырамыз. Оларға өз құмретімізді білдіріп, қолымыздан келгенше көмек көрсетеміз.

Мектеп оқушылары  осы күні ән айтып, би билеп, сахналық көріністер қойды. Мұндағы әр бала жеңіс жауынгерлерінің  ерлігін жақсы біледі.

- Біз бейбіт аспанның астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға қуанымыз. Ардагерлерімізге жеңіс үшін рахмет.

- Менің атам Михайл Воробьев соғысқа қатысты. Ол атқыш болды. Шайқастардың бірінде жарақат алды. Ал, 1945 жылы аман есен үйге қайтып оралды.  Мен атамның батылдығы мен ерлігі жайлы білемін. Ол кісіні мақтан тұтамын.

- Бүгін Ұлы Жеңіс күні. Барлық ардагерлерге бізге бейбіт күн сыйлағаны үшін алғысымды айтамын.

Сондай-ақ бұл күні меймандарға арналып мерекелік дастархан жайылды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...