ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ

17:21, 22 маусым 2021

Осыдан тура 80 жыл бұрын, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те фашистік Германия КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Тарихта бұл күн Ұлы Отан соғысының басталған күні деп жазылған. Еуропаның біраз жерін жаулап үлгерген жау Кеңес Одағын да дәл солай аз уақытта бағындырам деп жоспарлаған. Алайда халқымыздың патриоттылығы мен күш жігерің арқасында бұл жоспарлары орындалмады. 

Кеше ғана ойнап жүрген бозбалалар, соғыс басталғасын бір мезетте есейіп, колхозда  үлкендердің орын басты.  Майданға  17 жасынан ғана алатын. Алайда  Николай Демин 16 жасында соғысқа өзі сұранып, еріктілер қатарына қосылды.  Алматыда 6 айлық әскери дайындық курсынан өттіп .  

НИКОЛАЙ ДЕМИН, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Белорусиядағы  ұрыстарға қатыстық. Жауды шегіндірдік,  алайда фашистер кетерінде ауылдарды түгел өрттеп жіберіп бірақ кетті. Үйлердің мұржалары ғана қалған.Жергілікті халық тығылған жерлерінен шығып, бізді қарсы алды. Әйелдер қазандықтарын алып, соңғы қалған азықтарын ұсынып жатса, балар «біздің әскер келді» -деп алақайлап жүр. Қуаныштарын көрсеңдер ғой. 

Василий Васлильевич табиғатынан мінезі жұмсақ, мейірімді жан. Алайда  осы жұмсақтығына қарамастан 17 жасында соғысты көріп, жауға қарсы тұра білді.  Ол кезде басқа амал да таңдау да болған жоқ дейді ол. 

ВАСИЛИЙ МАКИЕНКО, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Соғыс басталған жылы мен 14-те едім. Ерлердің бәрін  әскерге әкеткесін, біз ерте есейіп, олардың орнына колхозда жұмыс істедік.  1944 ші жылы 17-ге толғасын маған да шақырту келді.   44-ші қосымша атқыштар  полкінде қызмет еттім.  Кейін  142 атқыштар полкіне 5-ші дивизяға жіберді.    Германияның Кенигсберг қаласына дейін жеттік. 1945 жылдың сәуір айы еді.   Неміс әскері қашып, Жеңіс жақындаған кез еді.Талай  қатарлас  жауынгер достарымның өлімін көрдім. Өте қиын жылдар еді.

Ұлы Отан соғысы  27 млн адамның өмірін қиып,  балаларды жетім, әйелдерді жесір қылды. Соғысқа аттанған солтүстікқазақстандықтардың  46 мыңнан астамы  үйлеріне оралған жоқ.   56 жерлесіміз жаумен ұрыстарда көрсеткен ерліктері үшін  Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...