ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ДАҢҚ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

21:24, 8 мамыр 2019

Мамлют ауданының Белое ауылында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне салтанатты митинг өтті. Іс-шарада осы ауылдан қан  майданға аттанған батырлардың есімдері жазылған және жөндеуден өткен  Даңқ Ескерткіші қайта ашылды. Толығырақ келесі сюжетте.

Салтанатты шара автошеруден басталды.  Аудан орталығы Мамлюткадан келген көліктер сап түзеп Белое ауылының көшелірін аралап өтті.

Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне арналған бұл ескерткіш осыдан ондаған жыл бұрын ашылыпты. Алайда уақыт өте келе, жауын-шашын кесірінен ескерткіш қирай бастаған. Үш серіктестік басшысы және бір шаруа қожалығының иесі бір жыл ішінде ескерткіштерді қалпына келтіріп, майданнан оралмаған сарбаздардың есімімен жаңа екі тақтайша орнатты, сондай-ақ саябақты ретке келтірді. 

ТАЛҒАТ ӘЛЖАНОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ, МЕЦЕНАТ:

- Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Кулик», «Белое Агро» және «Тюркин и К» ЖШС-і мен Бычков Сергейдің шаруа қожалығы осы ескерткішті қайта жөндеуге шешім қабылдайды. Себебі, жас ұрпақ ата-әжелерінің батырлығы жайлы әрқашанда білуі тиіс.  Мерекеге үлгеріп, барлық жұмыстарды уақытылы аяқтағанымызға өте қуаныштымыз.

Белое ауылында соғыс оты шарпымаған отбасы жоқтың қасы.. 10 сынып оқушысы Дарья Деянова жыл сайын Ұлы Жеңіс мерекесін ерекше күтеді. Себебі жас қыздың аталары соғысқа қатысқан.

ДАРЬЯ ДЕЯНОВА, БЕЛОЕ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Біздің кәсіпкер ағаларымыз Даңқ ескерткішін қайта жөндеді. Осылайша майданда қаза тапқан аталарымыздың рухына тағзым білдіруде. Бізде бүгін осы жерге келіп, гүл шоқтарын қойдық. Менің ұлы атам майданға кетіп, хабарсыз кетті. Ал, атам соғыстан оралды. Туған туысқандарым аталарымның ерлігі туралы үнемі айтып отырады.

Қазіргі кезде Мамлют ауданында  Ұлы Отан Соғысына қатысқан, көзі тірі  3 ардагер тұрады. Ал, Белое ауылдық округінде өкінішке орай біреуі де қалмаған. Жеңіс жауынгерлерінің саны күннен күнге азайып бара жатқандықтан біз өскелең ұрпақ туған жеріміздің тарихын жақсы біліп, ардагерлердің ерлігін еш уақытта ұмытпауымыз қажет дейді ауыл тұрғындары.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...