ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

19:05, 9 мамыр 2021

9 мамыр жеңіс күнінде әскери институттың оркестрі ардагерлерге ерекше музыкалық сый жасады. Карантиндік шараларға байланысты майдангерлердің басын қосып, мереке ұйымдастыруға мүмкіндік болмаған соң, әскерилер қарттарды жеке-жеке құттықтауды жөн көрген. Әскери оркестр отты жылдардағы әндерді орындап, жорық жырларын айтты.  Көңіл тебірентер көрініс жайлы әріптесім тарқатсын.  

Әскери институттың оркестрі бірінші болып Федор Щегловтың ауласына келді. Федор Васильевич соғыс басталған кезде небәрі 14 жаста болған, әкесі мен екі ағасы соғысқа аттанған. Ал, жеңіс жауынгері  әуелі тылда еңбек етіп, кейін оған1944 жылы шақырту қағазы келіп, әскер қатарына қосылған. Бүгінгі мерекеде майдангер ордендері тағылған костюмін киіп, далаға шықты. Жүрек тебірентер әуендерді тыңдаған соғыс ардагері, әскери институт ұжымына алғысын білдірді.

ФЕДОР ЩЕГЛОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

- Бұрын жыл сайын орталық алаңға шығып шеруге қатысатынбыз. Содан соң, жауынгер ботқасынан ауыз тиіп, Жеңіс саябағында жиналатын едік. Күні бойы құттықтауларды қабыл алып, жас ұрпаққа «еліміз тиыш, аспанымыз ашық» болсын деген тілектерімізді білдіретін едік. Енді, біз қартайып келеміз, жүріп-тұру қиын, бұдан бөлек карантин шаралары да бар. Бірақ осыған қарамастан, бізді ұмытпай,  мерекелік  көңіл күй сыйлағандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Әрбір шырқалған әнге қосылып отырдым. Соғыс әр отбасыға зардабын тигізді. Қаншама жас қыршынынан қиылды.  

Әсери оркестр аулада  «Катюша», « Жеңіс күні» «Үш танкист» және тағы басқа әскери тақырыптағы әуендерді ойнап, институт басшысы майдангерлерге алғыс хатпен, сый-сыйапаттар тарту етті.

ӘНУАР ҮКІБАЕВ, ҚР ҰҰ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз жыл сайын ардагерлерге  құрмет көрсетеміз. Бұл біздің парызымыз деп есептеймін. Өкінішке орай, майдангерлердің саны жыл санап азайып барады. Қазір санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды. Сондықтан мұндай шара тек аула ішінде орындалуда. 

Іс-шара қарияларға жеңіске жеткен ккүнді және сол сұрапыл жылдарды еске түсірді. Көңіл толқытарлық көрініске тебіреніп, көзіне жас алған тұрғындар да аз емес.  

Әскери оркестр майдангер Александр Тищенконың үйінің алдында да сап түзеді. Оркестр соғыс кезеңіндегі әуендерді ойнап, 97 жастағы ардагерге сый жасады. Александр Александрович 1942 жылы он сегіз жасында әскерге аттанған. Майдангер Выборг, Маннейргрейм жерлеріндегі шайқасқа қатысқан. Жеңіс жауынгері Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі ордені, қызыл жұлдыз, «германияны жеңгені үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» атты медальдармен марпатталған. Соғыстан соң, бейбіт өмірде 30 жылға жуық желілік полиция саласында қызмет етті.

ҚАНАТ ТҰРҒАНБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Көліктегі басшылық  департаментімен жыл сайын арнайы өте маңызды көңіл бөлінеді біздің ҰОС ардагеріне. Жалғызз 9 май есем, барлық мереке қарсаңызда келіп, құттықтап жағдайын сұрасып тұрамыз. 2,24/ желілік полиция  бөлімі бойынша 1-ақ ардагеріміз бар СҚО бойынша.

Әскери оркестр бұл күні 5 ардагерді  Ұлы жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.  

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...