ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

КЕЛЕСІ СТАНЦИЯ - ЖЕҢІС СТАНЦИЯСЫ!

13:05, 4 мамыр 2022

Ұлы Отан соғысы жылдары облыстың теміржолшылары арасында әйелдер де көп болды. Соғыс басталғанда теміржолдағы жүк тасымалы 3 есеге өсті. Кадр мәселесін шұғыл шешу қажет болды. Депода 500-ден астам адам оқудан өтті. Оның 108 әйел болатын. Петропавл локоматив депосының мұражайында машинист көмекшісі курсының алғашқы түлектерінің фотосуреті бар. Петропавл локоматив депосының мұражай қызметкері Любовь Горшкова осы нәзік, қайратты жандар туралы біздің түсірілім тобына  айтып берді.

 Әйелдердің локоматив бригадалары ерлермен тең дәрежеде жұмыс істеді. Олар пойыздарды,танктер, оқ дәрілері, ұшақтар, көмір, азық-түлік тиелген  әскери эшалондарды жүргізді.  Сапар барысында тепловоз пешіне 20 тонна, кейде одан да көп көмір тастау керек болатын.

 ЛЮБОВЬ ГОРШКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Эстафеталық поездарды басқарған әйелдер майдан шебіне дейін баратын. Бұл Катя Коробка, Надежда Карпейчик, Скурихина және олардың бригадасы болатын. Бұл машинистердің  естеліктері біздің депода сақталды.

 Петропавлдық теміржолшылар брондалған көліктерді құрастыру үшін сегіз сағаттық ауысымнан кейін де еңбек етуге міндеттелді. Көп ұзамай майданға бронды пойызы, одан кейін монша пойызы аттанды.

ЛЮБОВЬ ГОРШКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Олар оқ атып жауға қарсы тұрмаса да, ерлік жасады. Жас, нәзік жандар  болса да олар жастық шақтарында  көктемдей құлпырып, сәнді киімдерін киген емес, оның орнына олар үстеріне көмір мен мазут сіңген комбинизон, аяқтарына кенеп етік киді.

 Әйелдер көптен күткен Жеңіс күнін жақындату үшін барын салды. Олардың қажырлы еңбегі ақталды. Жеңіс туы желбіреп, елде тыныштық орнады.

 

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...