ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКЕН ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

20:31, 24 маусым 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери шеруге қатысты. Ал осымен отызыншы рет өткзіліп отырған парадқа 13 елдің делегациясы келді.Барлық шетелдіктер мұқият тексеруден өтіп, коронавирусқа тест тапсырды.

Сымдай тартылған 13000  сарбаз сап түзеп, Ресей армиясының айбыны саналатын соғыс техникасының түр түрі көрсетілді.  Қызыл алаңға 216 әскери техника шықты,оның жиырмасы парадқа алғаш рет шығарылды.  Су-57 ,  МиГ-31К сияқты жетпіс бестен астам ұшақ пен тікұшақ Мәскеу аспанында қалықтады.

Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Ресей басшысы  Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барып, шеруге қатысты. Беларусь, Молдова, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдердің де көшбасшылары да ерлікке тағзым етті.  Бұл Жеңіске қазақстандық жауынгерлер сүбелі үлес қосты.  1 миллион 366 мың отандасымыз ұрыс даласына аттанып, 500 ден астам қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РФ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біз жеңісті жақындастырған одақтас мемлекеттердің еңбегін ұмытпаймыз.Гитлерге қасры коалицияға қатысушы барлық республиканың сарбазы ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Әр жауынгердің алдында қарыздармыз, ұмытпаймыз.

Қазақстан қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің  55 сарбазы Мәскеу төрінде көк байрағымызды желбіретіп өтті.

Шеруге қатысқандарға қойылатын басты талап: бойы 188 см кем болмауы керек. Жаттығу күніне екі рет өтті. Сол себепті сарбаздардың физикалық дайындықтары да мықты болды.

СЕРІКБЕК БАЛҒЫМБАЕВ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР:

- Мен Соғыс ардагері Айдарбай Балғымбаевтың немересімін. Атамыз Беларусь пен Берлинге дейін соғысып, ерліктің жарқын үлгісін көрсетті, сондықтан мен Мәскеудегі шеруге қатысуға мүмкіндік алғаным үшін қуаныштымын.

Белдескеннің белін сындырып, тірескеннің тізесін бүктірген жауынгерлердің ерлігі паш ешқашан ұмытылмайды. Әскери шеру Ресейдің 27 қаласында да өтті. Ал Қызыл алаңдағы шеруден соң президенттер "Белгісіз сарбаз" қабіріне гүл шоқтарын қойып,тағзым етті.

 

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...