ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

«СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ КӨКТЕМІ» КОНЦЕРТ-ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛУДЕ

17:24, 27 сәуір 2021

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске биыл 76 жыл толады. 41дің қырғынында жер үшін қанды шайқаста ел әртістерінің де орны ерекше. Олар солдаттарға рух беріп, жеңіске деген талпынысын күшейткендердің қатарында. Биыл өңірде соғыс жылдарында актерлердің рөлі жайында 1 сағаттық концерт-фильм түсірілуде.  

Соғыс жылдарындағы әрістер туралы, жалпы сол жылдардағы қиыншылдық жайында фильм түсіру, қоюшы режиссер, сценарист -  Михаил Лахтиннің бірнеше жыл бойы көкейінде жүрген екен.  Енді міне, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен  дегенін жүзеге асырып жатыр. Фильмді даярлау жұмыстарына түсірілім тобы кірісіп кеткеніне 1 ай уақыт болды. Туындының тұсау кесері 9 мамырға жоспарланған. Фильм «Соғыстың соңғы көктемі» деп аталады. Өңір актерлері мен әртістерінің жұмысын 9 мамыр күні телекөрермендер облыстық арнада тамашалай алады.

МИХАИЛ ЛАХТИН, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

- «Біз жаңа жобаны іске қосайық деп шештік. Бұл жоба ұмытылып кеткен соғыс жылдарындағы майдан-концерт бригадасының әртістерінің еңбегін көрсетуге көмектеседі. Соғыстың екінші күнінен бастап осы майдан-концерт бригадасы солдаттармен бірге тепе-тең соғыста жүрді, армиянын рухын көтерді, бұл өте маңызды.»

Ең алдымен, түсірілім тобы соғыс жылдарындағы әртістер туралы сенімді және ерекше мәліметтер жинауға кіріскен. Кейін сценарий жазылады.  Мағлұмат аз болса да, жерлестеріміз туынды 1 сағаттық болады дейді. Фильмге түсіп, ұмытылған тарих беттерін қайта жаңғыртуға үлес қосып жүрген әртістер де,  бұл іске білек сыбана крісікен.  

 ӘСЕТ ЕРМАН, «ӘЛҚИСА» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ӘРТІСІ:

«Осында келіп, атқарып отырған ісіміз, түсіріліп жатқан фильмге қатысып, ансамбліміздің дәрежесін көрсету. Осында ойнайтын әніміз «Гәкку» әні. Негізі өте әсерлі, әдемі ән. Осы Ұлы Отан соғысына орай өткізіліп жатқан фильмге осы біздің фальклорлық ансамблдің қатысып жатқанына өте қуаныштымын, біз үшін бұл үлкен мәртебе, үлкен қуаныш. Және де барлық Қазақстандықтарды  алдымызда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймын.»

Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында жауынгерлердің рухын көтеруге  Қазақстаннан 14 шығармашылық бригада аттанды. Фильм-концертті даярлау  үшін Қазақ сазды- драма театры мен орыс драма театрынан 40-тан астам әртіс пен актер ат салысып жатыр.

Индира АХАТҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...