ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ

13:00, 5 мамыр 2022

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды. 9 мамыр Жеңіс күніне санаулы күндер қалды. Биыл елімізде 7 және 9 мамыр күндері әскери шеру өтпейді. Бұл - қанды шайқаста жауға төтеп беріп, ерлік көрсеткен батыр ата-бабаларымыздың еңбегін ұмытты деген сөз емес. Мерекелік іс шаралар міндетті түрде ұйымдастырылады. Сондықтан тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ.

Тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаковтың айтуынша, әскери шерулердің болмауы саяси оқиғаларға байланысты емес. Мерекелерді тойлауға тыйым салынып отырған жоқ. Бірақ қос бірдей датаны бұрынғыдай кең ауқымда емес, шағын түрде атап өтпекпіз. Яғни, «көрпеге қарай көсіл» деген қағиданы ұстанып, соғыс жылдары көзсіз ерлік көрсеткен батырларымызды еске алатын боламыз.

 АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ,ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, АРХЕОЛОГ:

- Әскери шерулердің ұйымдастырылмауы ешбір саяси оқиғаларға байланысты емес. Отан үшін қанын төгіп, елімізді жаудан қорғаған аталарымызды құрметтеу думандатып той тойлаумен өлшенбейді. Осыны естен шығармау қажет. Біздер Мәңгілік алау маңына жиналып, не ардагерлердің үйіне барып оларды құттықтауымызға болады. Оған ешкім тыйым салмайды.

 9-шы мамыр күні  Tengrinews.kz жаңалық порталында «Жеңіске жеткендер» онлайн-акциясы ұйымдастырылады. Бұл жобада 2014 жылы соғыс ардагерлері мен тыл еңбекерлері туралы 3,5 мың материал жарияланған болатын.  Қазақстан және шет елдегі оқырмандар майдан шебінде қаза болған, сұрапыл жылдары еңбек еткен  ата-әжелері, туыс-бауырлары туралы жазды.

 АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ,ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, АРХЕОЛОГ:

- Менің әкем соғыс ардагері. Бірақ, міне үшінші жыл оның суретін алып, Мәңіглік  полкіне қатысып, көшеге шыға алмай отырмын. Бірақ, ол шеруді өткізуге тыйым салынған деген сөз емес. Меніңше, бұл соңғы жыл, кейін бәрі орнынан келеді. Біздің Қазақстан әрқашан бейбітшілікте өмір сүрген, барлығы жақсы болатынына сенемін. 

 Осы орайда айта кету керек, соғыс құрбандарын еске алып, мәңгілік алау немесе ескерткіш маңдарына барғанда соғыс ардагерлерінің портреттерін алып шығуға ешкім тыйым салмайды. 

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...