ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 74 ЖЫЛ

21:19, 8 мамыр 2019

9 мамыр - Ұлы Жеңіске 74 жыл толады. Солтүстікқазақстаннан Ұлы Отан соғысына 91 мыңнан астам сарбаз аттанды. Өкінішке қарай, олардың тең жартысы елге оралған жоқ. Мейрам қарсаңында ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары мен қызметшілері ҰОС ардагерлерімен жүздесіп, оларға сыйлықтарынтарту етті. Әскери-патриоттық әндер орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жеңіс күні қарсаңында ҚР Ұлттық Ұланы Әскери  институтының әскери қызметшілері мен курсанттары жылда ардагерлерге қонаққа барады. Генерал Бауыржан Әбжанов жеңіс жауынгерлеріне  алғысын білдіріп, оларға сыйлық тарту етті.

БАУЫРЖАН ӘБЖАНОВ, ҚР ҰҰ ӘИ БАСТЫҒЫ:

Біз ардагерлерімізді сыйлаймыз. Құрметтейміз. Олар бізге бейбіт өмір сыйлады. Оларға алғыс айтамыз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Ашық аспан тілеймін.

Петр Гладков майданға 1943 жылдың 14-інші қаңтарында шақырылған. ОлБерлинге дейін жетті.  Берлинді басып алу кезінде ауыр жарақат алып, госпитальға түседі. Жеңісті Львов қаласындағы ауруханада қарсы алды. Ерлігі үшін Петр Матвеевич 1-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені мен «Германияны алғаны үшін» және басқа да көптеген медальдармен марапатталды.

ПЕТР ГЛАДКОВ, ҰОС АРДАГЕРІ:

- Үйге күз айында оралдым. Жеңіс күніне дейін мен госпитальда болдым.  Ұшақтар айналаны бомбамен жарып жатты. Абырой болғанда барлығы жақсы аяқталып, елге аман-есен оралдым.

Степан Башкиров бұрынғы Октябрь ауданының Ново-Пакровка ауылында дүниеге келген. Соғысқа 1943 жылы аттаныпты.  Бастапқыда Жаяу әскер училищесін тамамдап, кіші лейтенант шенін алады. Содан кейін Украин майданына аттанып, атқыштар взводының командирі болған. Сондай-ақ, Степан Федорович Праганы азат етуге қатысыпты. Ол ерлегі мен батырлығы үшін «Қызыл жұлдыз» және «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған.

СТЕПАН БАШКИРОВ, ҰОС АРДАГЕРІ:

- 1947 жылы соғыстан оралдым. Сосын зауытқа жұмысқа орналастым.Кейін қайтадан әскерге қашып кеттім. Қайта оралғанда зауыт бастығы маған «О, қашқын оралды» деп айтты. Дәнекерлеуші болып 58 жыл жұмыс істедім.

Кездесуде сарбаздар ардагерлерге түрлі әскери-патриоттық әндер орындап, оларға дәнсаулық пен бақыт тіледі. Сондай-ақ, Бауыржан Әбжанов ҰОС ардагерлерін Ұлттық Ұлан Әскери Институтына курсанттармен  кездесуге шақырды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...