ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ

13:01, 22 сәуір 2021

Соғыстан аман қалып, елге оралған батырларымыздың саны күннен-күнге азайып барады. Облыста Ұлы Жеңістің 76-ші көктемін 27 ардагер мен 5мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алады. Елі мен жері үшін қан майданда қасық қаны қалғанша шайқасқан даңқты жауынгерлерге биыл қандай көмек көрсетіледі? Келесі сюжетке назар аударайық.

Талай жанның өмірін қиған, әр отбасына қайғы-қасірет әкелген Ұлы отан соғысының құрбандары мәңгі есте қалады. Ұлы жеңіс күні – 9 мамырға санаулы күндер қалды. Алайда, өкінішке орай карантиндік шектеулерге сәйкес бұл күнді екінші жыл қатарынан еліміз тиісті дәрежеде атап өте алмайды. Соған қарамастан, ардагерлер құрмет-қошеметтен кенде қалмайды. Биыл  27 қарт жауынгер мереке қарсаңында 1 миллион теңге көлемінде жәрдемақы алады.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Бізде 5мыңнан артық тыл еңбеккерлері бар. Оның 136 соғыс кезінде жұмыс істеген адамдар. Осы кісілерге биыл 30 мың көлемінде сыйақы берілмекші.Ал тыл еңбеккерлеріне 15 мың көлемінде сыйақы берілмекші.

Сонымен қатар, соғыс кезінде концлагерьде болған жерлестерімізге, 1941-1945ші жылдар аралығында Ұлттық Қауіпсіздік саласында еңбектенген қазіргі таңда көзі тірі 1 солтүстікқазақстандыққа, қанды майдан аяқталғасын Ленинградтың қоршауында жұмыс істеген 20 адамға 100 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілмек. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Есмақұлының сөзінше бұдан бөлек биыл жалпы қалалық сенбіліктен түскен қаражат осы жандарға қосымша көмек көрсетуге бағытталады.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ал, енді осыдан түскен қаражат қайда барады деген сұрақ халықты толғандырады көрінеді. Оның барлығы қалалық, аудандық, облыстық ардагерлер кеңесіне түскен ақша ардагерлердің керек-жарағына жарайды. Жалғызілікті жандарға дәрі-дәрмек, азық-түлік, коммуналдық шығындарын өтейміз.

Өңірде көзі тірі 27 ардагердің 22-і Петропавлда, қалғандары Есіл, Мамлют, Тайынша, Қызылжар аудандарында тұрады. Олардың жасы 95 - 99-аралығында. Ал, алдағы сенбі күні болатын сенбілікте Жеңіс саябағында 30 шырша егілмек.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Ұлы Отан соғысына СҚО-дан 92 мыңнан астам азамат қатысты. 56 жауынгеріміз ең жоғары атақ: Ұлы Отан соғысының батыры, 11 Данқ орденінің толық кавалері атанды. 45 мың адам хабар-ошарсыз жоғалып, ұрыс аалңдарында көз жұмды. Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл. Қанша уақыт өтсе де бұл жеңістің құңы, батырларымыздың ерлігі ұмытылмасы анық.

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...