ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ҰРПАҚТАРЫ АС БЕРДІ

20:17, 9 мамыр 2019

Биыл облыста Ұлы Жеңістің 74-інші көктемін 82 ардагер қарсы алды. Ал қала бойынша 55 ардагердің тек 5-еуі жүріп-тұруға жарамды. Жерлесіміз Қалым Жаров 1942 жылы соғысқа аттанды. Ал Кәрім Қуантаев 1943 жылы қанды майданға жөнелтіліпті. Ұрпақтары оларды ешқашан ұмытпайды. Туған-туыстары облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде бас қосып,қаһармандарын еске алып, ас берді. Сонымен қатар, шағын көрме ұйымдастырды. Тілшіміздің бейнематериалы

Қалым Жаров 1942 жылы соғысқа аттанды. Кировград түбіндегі ұрысқа қатысады. Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешеді. Өкінішке қарай, 1944 жылы сұм соғыста қаза тапты. Украина жерінде жерленген майдангердің зиратын баласы Амангелді Жаров тауып, 2016 жылы басына барып, құран бағыштап қайтыпты.

АМАНГЕЛДІ ЖАРОВ, Қ.ЖАРОВТЫҢ БАЛАСЫ

Ал немересі Сағындық Жаров 10 жылдан астам уақытқазақ даласынан майданға шақырылып, туған елге  оралмаған жауынгерлердің жеке заттарын, қару-жарақ, каскаларын іздеумен айналысады. Бүгін ол туған-туысқандарына арнайы көрме ұйымдастырды. Ол атасының ерлігін ешқашан ұмытқан емес. Мақтан тұтады.

САҒЫНДЫҚ ЖАРОВ, Қ.ЖАРОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

- Маған атам туралы әкем жиі айтатын. Мен оны мақтан тұтам. 2016 жылы әкеммен бірге Укрина еліне аттануға мүмкіндік туды. Атамыздың зиритына барып, құран бағыштадық. Туған жерден топырақ ала бардық. Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен барша осы қазақ елін құттықтаймын. Ардагерлеріміз күннен күнге азайып барады. Сондықтан оларды ардақтап, қадірлейік.

Ал Кәрім Қуантаев 1942 жылы соғысқа жөнелтіледі.  Ол - майданда артиллерист болған. Кейін 1944 жылы Карпатқа дейін жетіп, ауыр жарақатпен елге оралған.

АХМЕТЖАН ҚУАНТАЕВ, К.ҚУАНТАЕВТЫҢ БАЛАСЫ

Жиналғандар майдангер аталарын тағы бір мәрте еске алып, ас береді. Шағын көрме ұйымдастырған Сағындық Жаровқа өз алғыстарын жаудырды.

АМАНДЫҚ ЖАНТЕМІРОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

Міне, биыл Ұлы Жеңіске 74 жыл толды.  Бейбіт заман сыйлаған батырларды ұрпақтары ұмытпақ емес.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...