ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ЖАЛҒЫЗ ҚАЛҒАН ЖАУЫНГЕР

20:44, 27 сәуір 2021

Жылдан-жылға сұрапыл соғысты басынан өткеріп, куәгер болған жауынгерлердің  қатары азайып барады.  Мамлют ауданында көзі тірі бір ғана ардагер қалды. Заки Мамлютов ақсақал биыл 95 жасқа келеді.  Оның есімі  әсіресе туған Мамлют ауданында үлкен құрмет пен беделге ие.  Арна тілшілері Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында ақсақалдың үйіне барып,  туған туысқандарымен тілдесті.

Мамлютовтар әулетінің отағасы  Заки  Мамлютов бұйырса биыл 95-ші туған күнін атап өтпек. Денсаулығы сыр беріп, ақсақал сөйлей алмайды. Алайда туған- туысқандары оның көңіл күйін көзінен, қиымылынан-ақ бірден біледі.  1944-ші жылы  8 сыныптан кейін 17 жастағы  Заки Мұрадымұлыны қарулы күштер қатарына  шақырды. Эшелонмен Уфаға дейін жетіп, жас әскер курсынан өтті. Кейін соғыс аяқталғаннан кейін жаяу әскер құрамында Шығысқа қарай жібереді.  Күннің шыжыған сәулелерінің астында, сусыз жүздеген шақырым жерді өткенше талай қиындық көріпті.   

ХАРИС МАМЛЮТОВ, ЗАКИ МАМЛЮТОВТЫҢ ҰЛЫ:

- Әкемді 16 жасында әскер қатарына қосу үшін шақырған. Алайда  бойы 149 см болған соң,  сол жылы емес,  келесі жылы қабылдады. Жапон соғысын көрді.  Кеңес одағы мен Моңғолия Қарулы күштерінің Жапонияға қарсы жүргізген ұрыстардың ортасында болды. Алайда соғыс жайында көп айта бермейтін.  Бізді адамгершілікке, отансүйгіштікке үйретті.                      

Заки Мамлютов үйіне тек 1951 жылы ғана оралады. Бейбіт өмірде ауылшаруашылық саласында еңбек етті.  Біліктілігі мен шеберлігінің арқасында басшы лауазымына дейін өсті.

ХАРИС ШАМШУТДИНОВ, ЗАКИ МАМЛЮТОВТЫҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ:

- Ең қиын жұмысты осы кісіге тапсыратын. Өте жауапты  әрі білімді.  Қарапайым комбайншыдан бастап  басшыға дейін өсті. Соғыс кезінде алған медальдармен қатар, еңбек даңқы орденін де алды. Жеңіс күні отбасымыз үшін ерекше күн.  Жыл сайын осы үйде жиналып, атамызды құттықтаймыз.

Заки  Мамлютовтың есімі  Мамлют  ауданында үлкен құрметке ие. Жас кезінде ауданның дамуына елеулі үлес қосып,  аянбай еңбек етті. Ауданның құрметті азаматы атағына ие,  ардагерлер кеңесінің мүшесі жастармен көп кездесіп, оларға үлгі болды. 

ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ, МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Соғыс жылдары Мамлют ауданынан 7300 адам аттанып,  олардың  үштен бір бөлігі ғана үйлеріне оралды. 4 адамКеңес одағының  батыры атанып, 5 адам социалистік еңбек ері атанды.   

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...