ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ЖЕҢІС САРБАЗДАРЫНА ТАҒЗЫМ

17:17, 11 мамыр 2022

 

 Шал ақын ауданы Бірлік ауылында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 77 жылдығына орай ескерткіш тақта ашылды. Онда майданнан аман оралған  ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімдері жазылған. Салтанатты шараға жеңіс сарбаздарының ұрпақтары мен аудан басшылығы өкілдері қатысты.

Бірлік ауылы 1936-жылы құрылған. Есіл өзенінің бойында көшіп-қонып жүрген  ағайын бірігіп, алдымен артель, кейін ұжымшар болып қалыптасқан. Ат төбеліндей ғана осы елді мекеннен соғысқа  130-дан астам адам аттаныпты.

 ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

 Ескерткіш тақта орнату былтыр қолға алынды. Өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары тұрғызылған ескерткіш әбден тозып, боздақтардың есімдері өше бастаған екен.

 ҚАЙРОЛЛА СҮЛЕЙМЕНОВ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

 Ұйымдастырушылардың айтуынша тақта тек батырлар рухына тағзым ғана емес, өскелең ұрпақты тәрбиелеу құралы. Батыр бабаларының ерлігі мен әжелерінің жанкешті еңбегін бағалау арқылы отансүйгіштік пен еңбекқорлық секілді қасиетттерді бойына сіңіреді.

СЕРҒАЗЫ БЕЙСЕНБАЕВ, БІРЛІК НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

ҚАЙСАР ШАЛАБАЕВ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

70-ке тарта ардагердің суреті ілініп, 100-ден астам тыл еңбеккерінің аты-жөні жазылған тақтаны ашуға аудандық әкімдік өкілдері де қатысты. Осы ауылда туып, басқа жаққа қоныс аударғандар да таялы-тұяғы қалмай жиналды десе де болады. Жеңіс күніне орай өз алғыстары менг құттықтауларын жеткізді.

 Салтанатты шараға осы ауылда туып өскен неміс қызы да қатысты. Акстер отбасы соғыс жылдары Бірлікке келіп қоныстанған екен. Мария осында туып, бой жеткен.

МАРИЯ АКСТ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ:

Ескерткіш орнатылған аумақ болашақта ауылдағы кіші саябаққа айналмақ. Тас төселіп, ағаш пен гүл отырғызалады. Осылайша болашақта  шағын ғана ауылдың ең көрікті әрі бабалар рухына тағзым ететін қастерлі орнына айналмақ.

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...