ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЖЕҢІС САЯБАҒЫНА 30 ТҮП ШЫРША ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

13:04, 26 сәуір 2021

Биыл Ел тәуелсіздігіне 30 жыл. Ал Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 76 жыл. Осыған орай қалалық және облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері, Семей полигонының ардагерлері, Қазақстан Халқы ассамблеясы өкілдері Петропавлдағы Жеңіс саябағына шыршаның 30 көшетін отырғызды.  

Жас тал егу бастамасына 40 жыл құрылыс саласында еңбек еткен Еңбек ардагері, СҚО Құрметті азаматы Иван Курапаткин де өз үлесін қосты. Қала  саябақтарында қария екен тал көп, себебі ол көгалдандыру жұмыстарына жылда өз үлесін қосады.

ИВАН КУРОПАТКИН, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- «Сенбілік- ол мейрам. Ағаш отырғызу ол- игі іс. Біз жыл сайын келіп бір ағаштан отырғызып тұрамыз. Мен жаңа бір шырша ағашын отырғыздым. Ол ағашым өсіп саябаққа көрік берсін деп ниет еттім. Өйткені адамдар мұнда келіп демалады ғой. Сондықтан саябақтың жасыл желекке көмкеріліп, көрікті болғаны жөн.»

Қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл шараға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қолдау көрсетті. Сенбілікке қажетті барлық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етті.  «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, алдыңғы буын өздерінен  естелік қалғанын қалайды.  Айталық су тазарту саласында 30 жыл қызмет атқарған еңбек ардагері Қайрат Файзуллин де егде тартқан жасына, кеміген күш-қуатына  қарамастан қолына күрек алып ағаш отырғызу рәсіміне белсене ат салысты. Ардагер қоғамдық жұмыстардан ешқашан қалыс қалған емес.

ҚАЙРАТ ФАЙЗУЛЛИН, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- «Жеңіс күніне орай саябаққа зейнеткерлер келіп 30 ағаштың түбін орнаттық. Биыл міне Егемен Қазақстанға 30 жыл соған арналған. Зейнетке дейін біз енді жұмыс атқардық. Менің мамандығым инженер. Елімізге тілейтінім тыныштық, халқыма денсаулық, күн осылай жайнап тұрсын, өрістеріміз қуанта берсін бізді. Алдыңғы жылы да отырғызғанмын міне биыл тағы отырғызып жатырмын.»  

Биыл - Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 76 жыл. Соғыс ардагерлерінің қатары жыл санап сиреп барады. Бүгінгі таңда елге аман оралған солдаттардың 27-сінің көзі тірі. Олардың 7-уі аудандарда,қалғаны облыс орталығында тұрады.

 

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
17:21, 22 маусым 2021
БҮГІН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
19:05, 9 мамыр 2021
ӘСКЕРИ ОРКЕСТР АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...