
Достар
Шыққан жылы: 2013
Жанр: Сериал, Комедия
Суреттеме: «Достар» телехикаясы – еліміздің беделді, алдыңғы қатарлы оқу ордасында оқитын студенттердің күнделікті өмірін, болашаққа жасалған жоспарларын баяндайды. Көп сериялы фильм мұнайшы-технолог, биолог, инженер, тіл маманы, социолог мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер туралы. Тек, мамандықтары ғана емес, олардың арман-қиялы мен таным-түсінігі де әр түрлі. Алуан түрлі мақсатпен тағдырлары бір арнаға тоғысқан жастардың өмірі туралы фильм көрерменді бейжай қалдырмасы анық.